Нан мен ұн бағасының өсуіне негіз жоқ – АШМ

0
645

15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидай сатып алу бағасын жариялайды.


Нан мен ұн бағасының өсуіне негіз жоқ – АШМ

Еліміздегі құрғақшылыққа қарамастан, Қазақстанда ұн мен нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады Inbusiness.kz.

"Бізде нан екінші жыл қатарынан арзандады. Бидайдың құны, әрине, проблема екенін білесіздер. Бидай бағасын тұрақтандыру үшін барлығын жасап жатырмыз. 15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісім шарт корпорациясы сатып алу бағасын жариялайды. Ұн, нан, нан өнімдері бағасының өсуіне алғышарттар жоқ. Жағдай тұрақты", – деді Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін.