Спикер Наурыз мейрамы мемлекет басшысының ұсынысымен жаңаша тойланатынын еске салды.
ERNUR.KZ. 13 наурызда ОКҚ өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев 2024 жылдан бастап Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланатынын айтты, деп жазады zakon.kz.
Спикер Наурыз мейрамы мемлекет басшысының ұсынысымен жаңаша тойланатынын еске салды.
"Мереке 10 күн – 14-23 наурыз аралығында өтеді, бұл кезең Наурызнам деп аталады.Бірыңғай логотип бекітіліп, барлық өңірлерге жіберілді", - деді Сәбит Барлыбаев.
Ол Наурыз мерекесін тойлау бағдарламасымен де бөлісті:
- 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі ретінде тойланады. Ол еліміздің батыс аймақтарында сақталып, енді барлық облыстарда тойлану ұсынылып отыр.
- 15 наурыз – Мейірімділік күні қайырымдылыққа, мейірімділікке, тату көршілікке арналады.
- 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні мәдениетімізді, өнерімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
- 17 наурыз – Шаңырақ күні – отбасылық құндылықтарымызды, үлгілі отбасыларды дәріптеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне арналған мәдени шаралар ұйымдастырылады.
- 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурыз мейрамының онкүндігінде еліміздің барлық аймақтарында ұлттық киімімізді дәріптеуге бағытталған түрлі шаралар өтеді.
- 19 наурыз – Жаңару күні – көктемгі ағаш отырғызу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
- 20 наурыз – Ұлттық спорт күні – еліміздің барлық аймақтарында ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.
- 21 наурыз – Ынтымақтастық күні. Бұл күннің идеясы – жалпы адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, татулық пен бірлікке ықпал ету.
- 22 наурыз – Жаңа жыл. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында ұлттық мәдени-спорттық шаралар өтіп, этноауылдарда, түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Жаңа жылдың символы Наурыз мейрамының соңғы күні 23 наурыз – Тазару күні болып жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.
Сонымен қатар, 14-23 наурыз аралығында "Наурыз – базарлық" маусымы жарияланады. Бұл күндері Сәбит Барлыбаев айтқандай, сауда нүктелерінде жаппай сатылым, сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылуда.
2024 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев палата отырысында қазақстандықтар Жаңа жылды емес, Наурыз мейрамын тойлауы керектігін айтты.