Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Гарвард студенті атанды

0
2 587

Ал Елбасы оқушының ғылыми ізденісін бағалап, оған ақ батасын берген.


Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Гарвард студенті атанды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Ақназар Қажымұрат гарвард комиссиясынан оң жауап алды. Оқушы әлемдегі ең үздік университеттің грантын жеңіп алған деп хабарлайды Назарбаев зияткерлік мектебінің сайтына сілтеме жасаған nur.kz.

Ақназар физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Ол қараша айының соңында халықаралық ACT және SAT Subject Tests емтихандарында жоғары баллға ие болып, әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Осылайша, оқушы әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік алған. Өзінің Гарвардта оқығысы келетінін айтқан Ақназар бүгінде америкалық ЖОО-дан оң жауап та алыпты. Енді түлектің арманы орындалып, АҚШ-та математика-топоплогия бөлімі бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болған екен.

"Аспирантураны аяқтаған соң Қазақстанда ғылыммен айналысқым келеді",- деді Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі.

Айта кетейік, Тұңғыш президент күнінде Астанадағы "Ұлы дала мұрагерлері " форумында Ақназар Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ғылыми жұмысын таныстырған еді.

Ал Елбасы оқушының ғылыми ізденісін бағалап, оған ақ батасын берген болатын.