Алдын ала болжам бойынша, 150 шаршы метр жер отқа оранған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда екі қабатты коттедж бен оған қосарлана салынған времянка өртеніп кетті деп жазады kaz.nur.kz.
Елорданың өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне өрт туралы хабар 30 қазан, сағат 11:40-та түскен. Куәгерлер Темірқазық көшесінде екі қабатты коттедждің шатыры мен оған қосарлана салынған времянканың өртеніп жатқанын хабарлаған.
Өрт сөндіруішлер оқиға орнына 11:47-де келген. Қызыл жалын 12:10-да сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша, 150 шаршы метр жер отқа оранған.
Өртті сөндіруге 21 қызметкер мен 5 арнайы техника қатысқан.
"Қайтыс болғанда мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ.