Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Елордалық полицейлер пранкерлерді ұстап, жазаға тартты, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақпарат бойынша, 21 сәуірде сағат 19.28-де 102 пультіне Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөліктің жүксалғышында қолы мен аяғы скотчпен байланған ажам жатыр деген қоңырау түскен.
"Оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді. Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Олар 19-22 жас аралығындағы жастар. Істің мән-жайын анықтау барысында қоғамдық тәртіпті бұзушылар әлеуметтік эксперимент жүргізгені анықталды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Құқықбұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, материалдар әкімшілік сотқа жолданды.