Елорда мектептерінде бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшеді.
ERNUR.KZ. 23 қарашада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді, деп жазады sputnik.kz.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады елорда білім басқармасы.
Айта кетері, Нұр-Сұлтан қаласында дәл қазір қатты жел соғып тұр.