Көктайғаққа байланысты қала көшелерін тазалау үшін коммуналдық қызметтер жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қалың қар салдарынан бір күнде 100 жол апаты болған, деп жазады Tengrinews.kz.
"Жауын-шашынның түсуіне және көктайғаққа байланысты қала көшелерін тазалау үшін коммуналдық қызметтер жұмылды. Елорда тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз - патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау. Олар техника колонналарымен бірге жүреді. Қар тазалайтын техникаға кедергі жасамауға, көлікті жол бойына қалдырып кетпеуді сұраймыз", - деді полициядағылар.