Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтады деген күдікті ұсталды

0
599

Күдікті қылмыс орнынан тезірек жасырынғысы келіп, көршісіне де пышақ салған.


Нұр-Сұлтанда үш адамды пышақтады деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адам бірден үш адамды пышақтап кеткен, - деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, ер адамдар ішімдік ішкен. Содан біріне досының ұлымен сөйлескені ұнамаған. Салдарынан досымен сөзге келіп, оған үш рет пышақ салған.

Пәтерден шыққан бетте ол көршісімен соқтығысып, қылмыс орнынан тезірек жасырынғысы келіп, көршісіне де пышақ салған. Артынша оның әйелін де пышақпен жарақаттаған.

"Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіге қылмыс орнынан жасырынуға жол бермей, оны 15 минут ішінде ұстады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша бұрын сотталғаны анықталды", - деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына қамалды.