Нұр-Сұлтанда «жасыл» технологиялар инновациялық конкурсы өтеді

0
1 142

Байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.


Нұр-Сұлтанда «жасыл» технологиялар инновациялық конкурсы өтеді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Astana Innovations Challenge аясында Startup weekend: Green Tech іске қосылады, деп жазады Елорда Инфо.

2019 жылдың 6-8 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Астана Innovations» АҚ атынан Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен (IGTIC) «жасыл» технологиялар (Startupweekend: GreenTech) инновациялық конкурсын өткізеді.

Бұл іс-шара Astana Innovations Challenge стартап жобаларының ауқымды байқауының аясында өтеді.

Шара аясында шетелдік және жергілікті менторлармен білім беру сессиялары өткізіледі. Екінші күннің қорытындысы бойынша 10 финалист іріктеліп алынады, олар қазылар алқасы мен көрермендердің алдында ең үздік технологиялық шешімдерді таныстырады. Байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Конкурсқа «жасыл» технологиялардың және басқа да бағыттар қамтылатын болады:

- жеке сектор үшін жылыту жүйелері;

- ҚТҚ қайта өңдеу;

- ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану мәселелері;

- тұрғын және өндірістік үй-жайлардағы энергия тұтынуды төмендету;

- СО2 ұстау және сақтау;

- көліктен шығатын газдардың азаюы;

- энергияның баламалы көздері;

- көшелерді жарықтандыру.

Іс-шараға қатысу үшін іс-шара сайтына тіркелуді сұрайды.

Конкурс Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында (IGTIC) өтеді.