Нұрлан Жұмасұлтанов: Екінші ұшқыш қателік жіберген

0
1 111

Екінші ұшқыш қозғалтқыштың жылдамдығын төмендетіп, қателік жіберді.


Нұрлан Жұмасұлтанов: Екінші ұшқыш қателік жіберген

ERNUR.KZ. Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы маңында құлаған ұшақтың екінші ұшқышы қателік жіберген деп есептейді, деп жазады zakon.kz.

"Көтеріле салысымен ұшақты оңға-солға лақтыра бастады. Сол кезде командир: "Бұл не?" - деп сұрады, оған екінші ұшқыш: "Тұрақтандырғыш қондырғы, тоқтаймыз", - деді. Бұл арада ұшақ жылдамдықты алып қойған еді, сондықтан ұшамыз ба, жоқ па деген шешім қабылдайтын кезеңнен өтіп қойғанын мойындаймын. Екінші ұшқыш қозғалтқыштың жылдамдығын төмендетіп, қателік жіберді", - деді ол.

Қара жәшіктің арқасында арнайы комиссия апаттың туындауы мен оның өрбуіне түрткі ерекше жағдайдың хронологиясын анықтай алды. Бұдан бұрын вице-премьер Роман Скляр ұшақ апатының себебі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан болатын.