Оқушыларымыз Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

0
337

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.


Оқушыларымыз Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

ERNUR.KZ. Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

Алтын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Күміс: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Қола: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.