Оливер Стоун Назарбаев туралы жобаның трейлерін ұсынды

0
508

Оливер Стоун - америкалық режиссер, сценарист және продюсер. Үш "Оскар" сыйлығының иегері.


Оливер Стоун Назарбаев туралы жобаның трейлерін ұсынды

ERNUR.KZ. Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы жобаның трейлерін ұсынды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Qazaq. История Золотого человека" деректі фильмінің режиссері Игорь Лопатенок. Онда Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатынан үзінділер көрсетілген.


"Сіздер Назарбаевты: диктатор, күшті адам, тиран немесе құрылтайшы деуіңіз мүмкін. Бірақ соңында Кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздігі, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуы туралы ойлайтын қарапайым адамды көресіз... Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы әңгімелейді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ. Шығысқа қарай бет ал жас жігіт (Элвис Преслидің әніне сілтеме. - ред.ескерт.)", - деп бөлісті Оливер Стоун.




Трейлерден Оливер Стоун Елбасымен сұхбат жасау үшін Нұр-Сұлтанға арнайы ұшып келгенін көруге болады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің балалық шағын, КСРО-ның күйрегенін, Семей сынақ полигонын еске алып, Қазақстанның рөлін, сондай-ақ Алтын адамның тарихын түсіндіреді.

"Біз материктің ортасындамыз, мұнда бәрінің мүддесі бар", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев трейлерде.




Оливер Стоун - америкалық режиссер, сценарист және продюсер. Үш "Оскар" сыйлығының иегері. Ол "Уолл-Стрит", "Каждое воскресенье", "Александр" және "Прирожденные убийцы" сияқты фильмдерді түсірген. Сонымен қатар, "Лица со шрамом" сценарийін және басқа да бірқатар картиналарды жазды.

2017 жылы Оливер Стоун төрт бөлімнен тұратын "Путинмен сұхбат" деректі фильмін ұсынды.