Астанада 22 маусым күні Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қаққан, деп мәлімдеді Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.
Астанада 22 маусым күні Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қаққан, деп мәлімдеді Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов. Бұл туралы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.
"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Мұхитова сол күні оқиға орнында болды. Оның ішімдік ішпегені, есірткі қолданбағаны анықталды. Кінәсін мойындады. Барлық тергеу әрекеттеріне қатысып жүр", - деді Әділов.
ІІД басшысының орынбасары Ескендірді көлігімен қаққан жүргізушінің әкесі құқық қорғау органдарында істейтінін растады.
"Жүргізуші Мұхитованың әкесі біздің қызметкер. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Болатұлы Мұхитов. Полиция полковнигі", - деп нақтылады ол.
Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.
25 маусым күні жазушының немересін Алматыда ақтық сапарға шығарып салды.
Марқұмның құрбысы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.