Өмір бойына сотталған қазақстандық өз ісін қайта қарауды сұрады

0
278

Жоғарғы соттың алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.


Өмір бойына сотталған қазақстандық өз ісін қайта қарауды сұрады

ERNUR.KZ. Жоғарғы сотта өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Отырыс сотталғанның, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленуші өкілінің қатысуымен өтті.
Осы жылдың ақпан айында Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.
"Қарау нәтижесінде Жоғарғы соттың сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, сотталғанның өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ", - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2014 жылғы 25 маусымдағы сот үкімімен Тоғаев тонау және бандитизммен байланысты кісі өлтіру, шабуыл жасалған адамның өміріне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіретін қауіпті зорлық-зомбылықпен байланысты тонау, сондай-ақ тұрақты қарулы топ (банды) құру кезінде, ұйымдасқан топпен, қаруды қолдануы, ұйымдасқан топтың тұрғын үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Тоғаев кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға қарулы шабуыл жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, сыбайластарымен бірге ерлі-зайыптылардың үйіне басып кіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сосын сотталушылар жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның әйелін байлап, ауыр дене жарақатын келтіріп, олардан өздерінде бар ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен. Талап еткендерін алғаннан кейін олар қылмыс орнынан бой тасалаған.
Тоғаевтың кінәсі сотталғандардың мойындауларымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық-биологиялық сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен, тәркілеумен ішінара дәлелденді.