Мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр.
ERNUR.KZ. Алматыда «ZOOM» платформасы арқылы өткен сабағы үстінде порно көрсеткендерге қатысты әкімдік түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
7 қыркүйекте мектеп директоры С.Айдарованың атына математика мұғалімі А.К. Тасылбаевадан түсініктеме түскен.
Мұғалім «ZOOM» платформасында онлайн сабақ беріп жатқанда белгісіз біреулер бұзып кіріп былапыт сөз айтып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға порнографиялық сипаттағы фото, видеоларды көрсеткен.
Мектеп директоры бірден бұл дерек туралы Алмалы аудандық полиция басқармасына хабарлады.
«Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде №207511035003305 іс тіркеді. Педагог ұжымымен ұжымдық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп әкімшілігі жақында оқу платформасын қауіпсіздігі жоғары сапалы платформаға ауыстыруды ойластырып жатыр»,- деді әкімдіктен.
Еске салсақ, дәл осыған ұқсайтын оқиға Нұр-Сұлтан қаласында да тіркеліп, полиция математика сабағында порнографиялық слайд көрсеткен адамды іздеп жатыр.