Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
ERNUR.KZ. Орал қаласында өз үйінен 1965 жылғы ер адамның денесі табылды, деп жазады inform.kz.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді», - деп хабарлады ведомстводан.