Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

0
714

Сотталушы Ерлан Ислямғалиев үкімді тергеу изоляторынан тыңдады.


Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Үкімді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Сотталушы Ерлан Ислямғалиев үкімді тергеу изоляторынан тыңдады. Ол сотты құрметтемегені үшін залдан шығарылған. Сотталушы жәбірленушінің адвокатына аяқкиімін лақтырған.

Судья Шара Зайнуллина сотталушының жәбірленуші Ираида Ислямғалиеваны кепілге алғаны, сондай-ақ, оны бірнеше рет зорлағаны және азаптағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

"Ерлан Ислямғалиев қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді судья.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші мен оның ұлының пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 10,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, сот жабық режимде өтті. Мұның алдында айыптаушы тарап сотталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, 2019 жылдың 28 қарашасында Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелін кепілге алған болатын. Жәбірленуші күйеуі оны бірнеше рет ұрып, зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеген еді.