Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды

0
965

Қызды құтқарып қалған әйелдің кім екендігі де анықталып жатыр.


Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Оралда оқушы қызды ұрламақ болған күдікті ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың мәлім еткеніндей, аталған оқиға туралы қыздың ата-анасы бірден полицияға жүгінбеген.

Әлеуметтік желіде ақпарат тарап кеткеннен кейін жедел тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың мекенжайына барып, содан соң тергеу амалдары жүргізілді.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 1973 жылғы ер адам қолға түсті. Қыз оны таныды. Кеше ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған болатын. Бүгін қылмыс 125-бап 2-бөлігіне (адам ұрлау) қайта дәрежеленді. Қылмыстың анық-қанығы туралы кейін айтылатын болады», - деді С.Сүйінбаев.

Ол, сондай-ақ, қызды құтқарып қалған әйелдің кім екендігі анықталып жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мектеп оқушысын ер адамның ұрлап кетпек болғанын жазған едік.