Оралда сауна қожайыны асылулы күйі табылды

0
729

44 жастағы әйел "Нирвана" саунасының қожайыны болған.


Оралда сауна қожайыны асылулы күйі табылды

ERNUR.KZ. Көршілері марқұмның мейірімді жан болғанын, араларында ешқашан қандай да бір дау-дамай, жанжал болмағанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Мой город" порталы жазғандай, қайғылы оқиға 6 желтоқсанда сағат 21:00-де Молдағалиев көшесіндегі жұмыс орнындағы шаруашылық ғимаратта орын алған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдің асылғаннан өлгені анықталды. Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне және ҚР ҚІЖК 201-бабы аясында суицидтің басқа да егжей-тегжейлері мен себептері жария етілмейді.