Жақында бұл шаңырақтың жұбайы 30 жасқа толған.
ERNUR.KZ. Оралда “Пенсионер” бау-бақша серіктестігінде су тасқынынан зардап шеккен ерлі-зайыптылардың үйі өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп жазады stan.kz.
Оқиға 3 шілдеге қараған түні болған. Өрт сөндірушілер ғимаратты бірнеше сағат сөндіруге тырысты. Алайда жалын таңертең ғана сөндірілді.
"Өрт орнында екі адамның күйген денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда",- делінген хабарламада.
Көршілердің айтуынша көз жұмғандар ерлі-зайыптылар. Жақында бұл шаңырақтың жұбайы 30 жасқа толған.
"Олардың үйі су тасқынынан зардап шеккен. Мүлік шығынын анықтау жөніндегі комиссияны күтіп жүрген. Алайда үлгермеді, — деді тұрғындардың бірі.