Оралда Елбасы келерде төселген асфальт кеткен соң қайта бұзылды (видео)

0
1 544

Бұл көрініс желі қолданушыларының ашуын келтірді. Көпшілігі қала басшыларының "көзбояушылығын" сынға алса, біразы бюджет қаржысының желге ұшқанына қапа болды.


Оралда Елбасы келерде төселген асфальт кеткен соң қайта бұзылды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде теміржол өткелінің үстінен төселініп кеткен асфальттің қайта бұзылып жатқанының видеосы мен суреттері пайда болды. Ұялы телефонға түсірілген видеоның белгісіз видео авторы оқиғаның Орал қаласында болып жатқанын айтады.

"Орал қаласы. Кеше назарбаев келіп еді. Рельсті асфальттап тастаған. Бүгін кері қазып жатыр" деп комментарий жасайды ролик авторы.

Бұл көрініс желі қолданушыларының ашуын келтірді. Көпшілігі қала басшыларының "көзбояушылығын" сынға алса, біразы бюджет қаржысының желге ұшқанына қапа болды.

Айта кетейік, 15 мамыр күні Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысқан болатын.

видео желіден алынды