Өскеменде 10 жастағы қыздың асқазынан бір уыс шаш шықты

0
1 849

10 жасар қыздың асқазанынан шаш түйнегін алып тастап, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған


Өскеменде 10 жастағы қыздың асқазынан бір уыс шаш шықты

ERNUR.KZ. Өскеменде ана және бала орталығының мамандары 10 жастағы оқушы қыздың асқазынан бір уыс шаш алып шыққан, деп жазады nur.kz.

Орталық мамандары оқушы қыздың асқазанындағы көлемі үлкен шаш қалдықтарына көргенде таңданыстарын жасыра алмаған. Мамандардың айтуынша, мұндай шаш қалдықтары күйзеліске ұшыраған жеткіншектерде жиі кездеседі екен.

"Балалар күйзеліске ұшыраған кезде, шаштарын шайнап, шаш ұштарын жұтып қойып жатады. Ол шаштар асқазанға жинала береді де, осындай түйіншекке айналады. Кейде тіпті, киіз сияқты болып қалады", - дейді хирургия бөлімінің жетекшісі Қайрат Рахымжанов.

Айта кетейік, хирург Есен Шоқаев пен оның көмекшісі Степан Изнаиров 10 жасар қыздың асқазанынан шаш түйнегін алып тастап, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалған.

Қазір жеткіншек дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылар оның денсаулығының жақсарып келе жатқандығын алға тартқан.

Сонымен қатар дәрігерлер шашпен ойнайтын балаларға сақ болу қажеттігін ескертіп отыр.

"Ата-аналарға айтарымыз, шашпен ойнайтын балаларға сақ болсаңыздар екен. Тіпті, қажет болған жағдайда асқазанды УЗИ-мен тексерген дұрыс", - дейді олар.