Өскеменде ер адам немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

0
419

Қайғылы оқиға 22 наурызда болғаны нақтыланады.


Өскеменде ер адам немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны жеті жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Yk-news.kz мәліметінше, Өскемен тұрғыны 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ сілтеді деп күдікке ілінген. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға 22 наурызда болғаны нақтыланады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл фактіні растады.

"Кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - дейді құзырлы ведомство.

Айта кетсек, 2024 жылы 5 сәуірде Қарағанды облысында екі және төрт жастағы бүлдіршіндерін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды. Кейіннен оның психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.