Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен (видео)

0
619

Жігіт полицейлердің тоқтату сөздеріне құлақ аспай, көпірден секіріп кеткен.


Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен (видео)

ERNUR.KZ. Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кетті, деп жазады Stan.kz

1 қазан күні сағат 22:50 шамасында, Өскемен қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ульбинский көпірінде ер адамның секірмек болып тұрғаны туралы хабар келіп түскен.

Жігіт полицейлердің тоқтату сөздеріне құлақ аспай, көпірден секіріп кеткен. Сол уақытта тәртіп сақшыларының бірі жігіттің артынан суға секіріп, қатты ағыс алып бара жатқан адамды аман алып шыққан.

Ер адамды көтеріп жағаға алып шығады. Оларды көмекке келген әріптестері күтіп алады. Жігітті судан алып шыққан полицейлер оны патрульдік көлікке апарып, онда олар алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медицина қызметкерлері 23 жастағы азаматты ауруханаға жеткізген.

"Менің сөздеріме құлақ асқан жоқ, бір уақытта жігіт көпірден секіріп кетті. Мен бірден оның артынан суға түстім ал менің әріптесім менің қауіпсіздігімді сақтандырып тұрды. Менің аяғым тартылып қалған жағдайда, мен оған жігітті құтқар деп айттым. Бір қолыммен жәбірленуші ұстап, екінші қолыммен жағаға қарай жүздім. Осылайша, жігіттің өмірін сақтап қала алдық", - дейді оқиға орнына келген полицейлердің бірі.

Жігіт бұл әрекетті сүйіктісімен жанжалдан кейін жасаған.