Өскеменнің әкімі кепілге алынған әйелді құтқарды

0
409

Балтамен қаруланған азамат өзінің әйелін кепілге алған.


Өскеменнің әкімі кепілге алынған әйелді құтқарды

ERNUR.KZ. Жақсылық Омар күйеуі кепілге алған әйелді құтқарды, деп жазады zakon.kz.

YK-news.kz хабарлағандай, оқыс оқиға 18 мамырда кешке қарай Өскемен қаласында болған.

"Балтамен қаруланған азамат өзінің әйелін кепілге алып, үйіне қамалып, билік өкілдерінің келуін талап етті", делінген хабарламада.

Қала әкімі оқиға орнына шұғыл жетіп, айналаға қауіп төндірген азаматтың үйіне кіруді жөн деп шешті.

Жақсылық Омар үйге кіріп, ер адаммен сөйлесіп, әйелін жіберуді өтінді.

Олардың не жайлы сөйлескендері белгісіз, бірақ бір анығы - кепілген алынған әйел босатылды.

Одан кейін ашулы азамат балтасын терезеден лақтырып, әкіммен бірге сыртқа шығып, үйді қоршауға алған полиция жасағына өзі берілді, - деп атап өтті басылым.

Оқиғаның егжей-тегжейі әлі белгісіз.