Отандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы ерітінді ойлап тапты

0
664

Кіші ғылыми қызметкердің айтуынша, қатерлі ісікке қарсы бекітуші ерітінді 2 жыл әзірленген.


Отандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы ерітінді ойлап тапты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалау үшін бекітуші ерітінді жасап шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы жоғарыдағы оқу орнының Ұлттық ғылыми зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдана Имашева: "Зерттеу жұмысы барысында биоматериалды сақтауға арналған бекітуші ерітіндінің оңтайлы құрамы жасалды. Бұл биоматериалды тұрақтандыруға және тасымалдауға мүмкіндік береді. Ерітінді онкологиялық ауруды диагностикалау үшін жатыр мойнына жақпа ретінде пайдаланылады", – деді.

Кіші ғылыми қызметкердің айтуынша, қатерлі ісікке қарсы бекітуші ерітінді 2 жыл әзірленген. Оның сапасы дәл шетелдік препараттармен бірдей. Бекітуші ерітіндіге патент берілген. Өнім Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіліміне енген.