Отандық жас ғалым қисайған омыртқаны түзетудің тың тәсілін ойлап тапты

0
588

Омыртқаның қисайып, бүкірленуін медицинада сколиоз деп атайды.


Отандық жас ғалым қисайған омыртқаны түзетудің тың тәсілін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Аты әлемге әйгілі жас ғалым, травматолог-ортопед Нұрбек Нәдіров қисайған омыртқаны түзетудің тың тәсілін ойлап тапты, деп хабарлады. Бұлтуралы ол "Ғылымстан" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады sputnik.kz.

"Омыртқаны түзету үшін оны екі шегемен шегелейді. Омыртқаның ішінен жұлын өтеді, жұлынның екі жағын қосатын "омыртқа доғасының түбірі" болады. Біз шегені содан өткізуіміз керек. Егер ішкі қарай кіріп кетсе, жұлынды зақымдап, науқас отадан кейін аяғын қимылдата алмай қалуы мүмкін. Сыртында да жұлыннан шығатын "жұлын түбірлері" бар. Біз соның қай жағын бірінші шегелеу қажеттігін зерттеп, хирургиялық тәсілін ойлап таптық. Патент алдық", - дейді отандық ғалым.


Омыртқаның қисайып, бүкірленуін медицинада сколиоз деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, бүкір адам ұзақ өмір сүрмейді, өйткені омыртқа қисайғаннан жүрек, бауыр, өкпе қысылып, адам өміріне зақым келтіруі мүмкін.

Ең қорқыныштысы, елімізде сколиозбен ауыратындардың саны күн санап көбейіп барады. Әрбір 100 адамның екеуі бүкірейіп жүреді дейді мамандар.