Өткен тәулікте коронавирустан 22 адам қайтыс болды

0
1 105

Індет жұқтырған 798 адамның жағдайы ауыр.


Өткен тәулікте коронавирустан 22 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 798 адамның жағдайы ауыр

• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.