Алматы облысының тұрғыны 14 туысымен бірге жақында Өзбекстаннан үйлену тойынан оралған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында анықталған коронавирусты жұқтырған 2 адам туралы мәліметтер белгілі болды, деп жазады Stan.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауру Қарасай ауданы Кемертоған ауылының 41 жастағы тұрғынынан табылған. Қазір әйел аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Байланыста болған 8 адам, оның ішінде науқастың жұбайы мен оның баласы да оқшауланған.
Екінші факт Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді, онда тексеру кезінде коронавирус жұқпасы Есік қаласының 60 жастағы тұрғынында расталды. Әйел 14 туысымен бірге жақында Өзбекстаннан үйлену тойынан оралған. 27 наурызда барлық келгендер провизорлық стационарға оқшауланып, тексеру үшін қажетті талдаулар алынды.