Өзбекстанмен бірлесіп фильм түсіреміз – мәдениет министрі

0
1 030

Қазір тізімде Алматы, Астана және Шымкент бар.


Өзбекстанмен бірлесіп фильм түсіреміз – мәдениет министрі

ERNUR.KZ. Қазақстан Өзбекстанмен туристердің шекарадан өтуін жеңілдету және бірлескен фильмдер түсіру туралы келісті, деп жазады sputnik.kz.

Өзбекстан мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбековпен кездесуде тараптар кино саласында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.
"Атап айтқанда, бірлесіп фильмдер шығаруды, отандық кинокартиналарды өзбекстандық прокатқа шығаруды, сондай-ақ көрші елдің сериалдарын бізде, біздің сериалдарды көрші елде көрсету мәселесін талқыладық", - деп жаздыминистр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал, Назарбеков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ағын туралы өзара деректер алмасуды ұйымдастыруды ұсынды.
"Ұсыныс өте қызықты болғандықтан қабылданады. Өз тарапымнан Орталық Азияның басқа елдерімен бірлесіп әзірленген "Бір тур – бір өңір" бағдарламасына Қазақстанның тағы бірнеше қалаларын: Тараз, Түркістан, Ақтау және т.б. қосуды ұсындым. Қазір тізімде Алматы, Астана және Шымкент бар", - деп атап өтті Оралов.
Сондай-ақ, ол елдеріміздің құрлықтағы өткізу пункттерінде чартерлік туристік автобустардың кедергісіз өтуі үшін ерекше жағдайлар жасау мәселесін талқылауды ұсынды.
"Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы да табысты болатынына сенімдімін. Біздің міндетіміз - осы байланысты нығайту және ортақ рухани мұрамызды арттыру", - деп түйіндеді ол.