Павлодар облысынан қашқан сотталушы Ресейдің Қиыр Шығысында табылды

0
460

Күдікті ұсталып, 6,5 жылға сотталды.


Павлодар облысынан қашқан сотталушы Ресейдің Қиыр Шығысында табылды

ERNUR.KZ. Жол талғамайтын көлікті ұрлағаны үшін жазасын өтеп жатқан ер адам шартты жазаға ауыстырылған, бірақ та қашып кеткен, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей Федерациясының Владивосток қаласының 41 жастағы тұрғыны 2017 жылы Қазақстанның астанасына келіп, «Toyota Land Cruiser» маркалы көлігін ұрлап кеткен. Күдікті ұсталып, 6,5 жылға сотталды.

2020 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Павлодар облысында тұрғанмен, учаскелік инспекторда белгі қою кезінде бірнеше рет бұзушылықтарға жол берген. Ал осы жылдың қыркүйек айында мүлдем қашып кеткен, осыған байланысты мемлекетаралық іздеу жарияланған.

"Павлодар облысы криминалдық полиция жедел қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында қашқынның тұрған жері анықталды. Ресейлік әріптестерімен бірге жедел іздестіру шаралары барысында ер адам Владивостокта ұсталды", - деді полиция департаментінде.

Қылмыскерлерді іздеу – криминалдық полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бағыты және оларды іздестіру жұмыстары департамент басшылығының ерекше бақылауында.