Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді мектептің жанында зорлап кетті

0
1 232

Күдікті бұған дейін ауылдағы ақыл-есі кеміс қызды зорлаған деседі. Бірақ ол іс жабылып қалған.


Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді мектептің жанында зорлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында мұғалім зорланды. Бұл туралы НеМолчи қозғалысын құрған белсенді Дина Смаилова айтты, деп жазады kaz.zakon.kz.

Оқиға Павлодар облысындағы Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында болған.

Ақпанның 25-і күні кешкісін бұрын қыз зорлау және ұрлық үшін істі болған Қабидолла Б. жас мұғалімді тура мектептің жанында зорлап кетті, - деп жазады Смаилова.

Күдікті бұған дейін ауылдағы ақыл-есі кеміс қызды зорлаған деседі. Бірақ ол іс жабылып қалған. Сосын мал ұрлығы үшін істі болғаны бар. Бірақ қазір өзі бостандықта жүрген.

Жәбірленген қыз басқа ауылдан жұмысқа келген. Жұмысының алғашқы күнінде-ақ зорлыққа тап болды.

Ауылда интернет мектепте ғана бар. Жұмыс істейін деп кешкісін мектепке барған қыздың алдынан Қабидулла шығып, мектеп жанындағы қаңырап тұрған ғимаратқа күшпен алып кіріп, зорлап тастады! Қыз небәрі 19 жаста! Балаларға білім беруге келген, - деп жазады Дина Смаилова.

Қабидулла қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.

Қыз асырап отырған ауыл тұрғындары енді үрейленіп қалды, - деп қосты ол.