Жігіт су құбырларын тартып жатқан.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.
"Жігіт су құбырларын тартып жатқан", - дейді ведомстводан.
Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.