Павлодар облысында ауыл ұстазы белгілі дизайнер үйінен сыйлыққа ие болды

0
2 263

Бұдан бөлек, ол Ырза Тұрсынзаданың бастамасымен өтетін «КӨРПЕ FEST» мега-фестивалінде бақ сынайды.


Павлодар облысында ауыл ұстазы белгілі дизайнер үйінен сыйлыққа ие болды

ERNUR.KZ. Байқауды әлеуметтік желіде «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің продюсерлері ұйымдастырған, деп жазады Рavlodarnews.kz.

"Этно-дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзаданың туған күніне орай өткен байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен өзім Май ауданының Баскөл ауылында Амангелді Иманов атындағы мектепте көркем өнер пәнінен сабақ беремін. Ырза ханымның жаңадан шыққан шеберлік сағаттарында толық шарттарын орындап, белсенді қатысып отырдым. Қазақтың қолөнерін насихаттап, қыз-келіншектерді осы кәсіпке баулуға қосқан үлесім үшін ақшалай марапатқа ие болдым. Бүгінде этно-дизайнердің қоғамға ұсынған әлеуметтік жобасы оң серпіліс беруде", - дейді Бибігүл Қабдуллина.
Бұдан бөлек, ол Ырза Тұрсынзаданың бастамасымен өтетін «КӨРПЕ FEST» мега-фестивалінде бақ сынайды.
Аталған конкурсқа түрлі номинациялар бойынша Май ауданынан 20 қыз-келіншек қатысуда. Бүгінгі күні қатысушылар ұлттық нақыштағы көрпе тігу үстінде.


Тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын «Көрпе-FEST» онлайн фестивалінде үш номинацияның бірінде көрсете алады: ұлттық интерьер, 4 көрпе, 4 жастық, YouTube материалдарынан жасалған бұйымдар. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шараның мақсаты - көп балалы аналардың, оқушылардың, студенттердің, технология мұғалімдерінің және қолөнерге қызығушылық танытқан барлық адамдардың өз ісін жүргізуге, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді танымал етуге мүмкіндік жасау.