Павлодар облысында ауыр қылмыс үшін сотталған адам балабақшада жұмыс істеген

0
472

Аудандағы балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.


Павлодар облысында ауыр қылмыс үшін сотталған адам балабақшада жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында жұмыс істегенін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

"Аудандағы балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген. Бірнеше білім беру мекемелерінде адамды соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған", - делінген хабарламада.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.