Бала он литрлік ыдыста тұрған суға құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында бір жасар бала ыдыста тұрған суға батып кетті, деп жазады baq.kz.
Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында сағат 18:00-де болған.
Бала үйде ата-анасының қарауынсыз қалып, он литрлік ыдыста тұрған суға құлап кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы демалыс күндері сағат 01:40-та Усолка өзенінен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылып жүріп, суға батып кеткен.