Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті

0
486

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.


Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.

«Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды», - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.