Павлодар облысында өрт кезінде ер адам көз жұмды, екіншісі ауруханаға түсті

0
970

Ауданы 105 шаршы метр бір қабатты ғимарат толығымен жанып кеткен.


Павлодар облысында өрт кезінде ер адам көз жұмды, екіншісі ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Оқыс жағдай Ертіс ауданы Амангелді ауылдық округінің Ленин ауылында орын алған, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 27 желтоқсанда сағат 02.05-те өрт туралы хабарлама түскен. Ауданы 105 шаршы метр бір қабатты ғимарат толығымен жанып кеткен.

"Өрт сөндіру бөлімшелері Ертіс ауданының орталық аудандық ауруханасына келгенге дейін 1968 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Ғимараттың кіреберісіндегі дәлізде 1970 жылы туған ер адамның денесі табылды", - дейді Ертіс ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Қанат Купеев.
Өрт сағат 07.35-те сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталуда.


ТЖ орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 6 адам және 2 техника, "102", "103" қызметтері жұмылдырылды.