Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

0
630

"Шаңырақ" МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

ERNUR.KZ. Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады, деп жазады zakon.kz.

"Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет", - деді өңір басшысы.
"Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өстік", - деп ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев қуанышымен бөлісті.

Көпбалалы отбасылар, "Күміс алқа" белгілерінің иегерлері - Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

Ақтоғай ауданы тұрғындарының атынан Павлодар облысының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Бейсенбі Мұқажанов мемлекетке көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде арнау айтты.

"Шаңырақ" МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар да өткізілді.