11 жасар ер бала мен 7 жастағы қарындасы мектепке бара жатқанда кенеттен көршісінің иті шабуыл жасаған.
ERNUR.KZ. Павлодарда мектеп оқушыларына көршісінің иті шабуыл жасап, олардың біреуін тістеп алды, деп жазады Stan.kz
Оқиға Павлодардағы Лесозавод көшесінде болған. 11 жасар ер бала мен 7 жастағы қарындасы мектепке бара жатқанда кенеттен көршісінің иті шабуыл жасаған.
Бала бірден қарындасын қорғап, оны өз денесімен жапқан. Құтырған ит ұл баланы тіптеп алған. Оқушылар бірден үйге жүгіріп, болған жағдайды ата-анасына хабарлаған. Олар полиция мен жедел жәрдем шақырды.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары иттің иесін анықтады. Ол үй жануарын байлап қоюға міндеттелді.
Бұдан басқа, иттің иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы 2-бөлігі (жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан иттерді ұстау және серуендету қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушыға 10 АЕК (29 170 теңге немесе 68 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынды.
Шабуыл фактісі туралы Павлодар қаласының ветеринарлық қызметі де хабардар етілді. Бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады полиция департаменті.