​Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды

0
1 335

Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды

Павлодарда қателерді анықтаған тұрғындарға сыйлықтар табысталды деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 жылғы 1 сәуірде бастау алған, акцияның нәтижесінде қала тұрғындарының белсенді азаматтарына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Павлодар қаласында мониторинг нәтижесінде көбінесе қателер жеке кәсіпкерлердің нысандарындағы маңдайшаларда, жарнамаларда, баннерлерде анықталды. Акция шеңберінде барлығы 100-ден аса фотосурет жиналды. Басқарма өз тарапынан қателікке жол берген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акцияның басты мақсаты – ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау болып табылады.