Павлодарда әйел адамды ағаш басып қалды

0
220

Қатты дауыл салдарынан ауладағы ағаш құлап, 67 жастағы әйелді басып қалған.


Павлодарда әйел адамды ағаш басып қалды

дереккөз

ERNUR.KZ. Жазатайым оқиға бүгін таңертең Павлодар қаласында болған, деп жазады ulysmedia.kz.

Қатты дауыл салдарынан ауладағы ағаш құлап, 67 жастағы әйелді басып қалған. Ауыр жарақатынан ол сол жерде көз жұмды.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Павлодар облысы аумағында екпіні 30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.