Сақшылар күдіктіні ұстап, бірден №4 полиция учаскесіне жеткізген.
ERNUR.KZ. Ол туралы тәртіп сақшыларына жәбірленушінің өзі мәлімдеген, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы Павлодардағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
102 нөміріне И. есімді әйел хабарласып, Ж есімді азамат оны үйінде еркінен тыс зорлағанын айтып, арызданған. Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің сақшылары бірден қылмыскерді іздестіруге кіріседі.Сағат түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің ауласынан жәбірленуші айтқан сипатқа сай келетін азамат ұсталды. Ол әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай бастаған, - деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Сақшылар күдіктіні ұстап, бірден №4 полиция учаскесіне жеткізген. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныды. Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.