Үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.
ERNUR.KZ. Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған нәресте табылды деп жазады stan.kz.
Полиция мәліметіншее, 7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.
“Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.