Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

0
480

Ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталған.


Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, деп жазады @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады.

"Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде оның денсаулығына кірпішпен зақым келтірген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұраған. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.