Зардап шеккен қызға "мидың шайқалуы" диагнозы қойылды.
ERNUR.KZ. Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды іздеп жатыр, деп жазады exk.kz.
23 тамызда Павлодар қаласының полиция бөліміне 20 жастағы қыз хабарласып, белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды сұраған.
"21 тамыз күні сағат 01:10 шамасында белгісіз ер адам қыздың басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған", деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен қыз ауруханаға 21 тамыз күні күндіз барған. Оған "мидың шайқалуы" диагнозы қойылды.
"Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірлеушінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.