36 жастағы келіншек бұл әрекетіне дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ERNUR.KZ. Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік ПБ полицейлері отбасылық жанжал шығарушы есебінде тұрған 36 жастағы қала тұрғынын тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру кезінде өз анасын соққыға жығу фактісін анықтады, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл әйел бұған дейін қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. - Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және сотқа жолданды. Анасын соққыға жыққан қызына қатысты учаскелік полиция инспекторының қолдаухатымен және Павлодар қаласының мамандандырылған сотының шешімімен жүріс-тұрысына қатаң талап қойылды және 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
7-13 тамыз аралығында Павлодар облысы аумағында өткізілген «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық шарасын (ЖПШ) өткізу барысында 766 құқықбұзушылық тіркелді. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 3450 адам тексерілді, 706-сына қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Сот 236 адамға жүріс-тұрыстарына қатысты ерекше талап қойды. 763 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды: ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша 138 құқықбұзушы (қоғамдық орында ішімдік ішу, сонымен қатар ішімдікке мас күйінде жүру), ҚР ӘҚБК 440 – бабы бойынша 363 адам (қоғамдық орындарда ішу және мас күйінде болу), ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 11 құқықбұзушы (ҚР ішімдік өнімдерін сату талаптарын сақтамау), ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша 25 адам (балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналармен және заңды өкілдермен міндеттерді орындамау). Сондай-ақ, ІІО есебіне 414 адам қойылды. Полиция қызметкерлерімен 517 қолайсыз отбасы тексеріліп, 26 отбасы есепке алынды.