Телефоныңызды қаптамасы да қуаттай алады

0
321

Енді өзіңмен пауэрбанк алып жүрудің, тоқ көзін іздеп әлек болудың қажеті жоқ.


Телефоныңызды қаптамасы да қуаттай алады

Сурет: cdn1.ozone.ru

Бүгінгі жаңа технологиялар мен гаджеттер нарығында смартфонды қуаттайтын қаптаманың бірнеше түрі бар. Бұл – смартфонды механикалық қорғаумен қатар, қосымша батарея қуатын қамтамасыз ететін өте ыңғайлы аксессуар.


Қуаттағыш чехолдың негізгі ерекшеліктері

1. Қосымша батарея

Чехолдың ішінде кіріктірілген аккумулятор болады (әдетте 2000–5000 мА/сағ). Смартфонның аккумуляторы таусыла бастағанда, чехолдағы қуат оны қайта зарядтап отырады.

2. Автоматты және қолмен басқару

Кейбір модельдерде автоматты түрде қуат бере бастайды. Кейбірінде арнайы батырма арқылы өзің қосып/өшіру керексің.

3. Қорғау қызметі

Қалыңдығы әдеттегі чехолға қарағанда сәл үлкендеу, бірақ экран мен артқы бөлікті жақсы қорғайды.

4. Қосымша функциялар

Кейбір үлгілерінде кіріктірілген күн панелі болады, сол арқылы күннен қуат жинайды. Бейне-стенд ретінде қолдануға болады. Құлаққап пен USB порт қосу мүмкіндігі бар.


2025 жылы смартфонды қуаттайтын қосымша функциясы бар қаптамалардың бірнеше түрі нарықта кеңінен қолданыста. Олар смартфонды тек қорғап қана қоймай, қосымша қуатпен қамтамасыз етіп, кейбірі ерекше мүмкіндіктер ұсынады.


1. Кіріктірілген аккумуляторы бар

Мұндай қаптамалардың ішінде қосымша батарея орналасқан. Ол смартфонды қосымша қуатпен қамтамасыз етеді. Мәселен, Samsung Galaxy S25-ге арналған Newdery Battery Case. 8000 мА/сағ сыйымдылығы бар. Смартфонды 1,5-2 рет толық зарядтауға мүмкіндік береді.

Екінші бір түрі: Mophie Juice Pack Access – iPhone құрылғыларына арналған. 2000 мА/сағ батареясы бар, сымсыз зарядтауды қолдайды.


2. Күн сәулесімен зарядталатын түрі

Кейбір чехолдар күн сәулесін пайдаланып, смартфонды зарядтай алады. Айталық, Infinix Solar Energy-Reserving Case. Перевскитті күн панельдерімен жабдықталған. 2 Вт дейін қуат бере алады. Бұл технология жарық көздерінен қуат жинап, смартфонға жеткізеді.


3. Ауыстырылатын батареясы бар

Бұл чехолдарда батареяны жылдам ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе ұзақ сапарларда немесе электр қуаты шектеулі жерлерде тиімді. Swippitt жүйесі арнайы хаб арқылы 3500 мА/сағ батареяны бірнеше секундта ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе iPhone 14, 15, 16 модельдерімен үйлеседі.


4. MagSafe және Qi2 технологиясы

Бұл чехолдар магниттік бекіткіштер арқылы сымсыз зарядтауды қолдайды. Әcipece iPhoпе және кейбір Android құрылғыларымен үйлесімді.

Belkin PowerGrip: 10,000 мА/сағ батареясы бар, MagSafe арқылы 7,5 Вт сымсыз зарядтауды қолдайды. Сонымен қатар, USB-C порты және LED дисплейі бар.

Qi2 Ready қаптамалары: Samsung Galaxy S25 сияқты құрылғыларға арналған, Qi2 стандартына сәйкес келеді, бұл сымсыз зарядтауды тиімдірек етеді.


5. Қорғаныс функциясы бар қуаттағыш чехолдар

Бұл чехолдар смартфонды механикалық зақымдардан қорғап, қосымша қуатпен қамтамасыз етеді. Айталық, LifeProof Frē Power. Суға, шаңға және соққыға төзімді, кіріктірілген аккумуляторы бар.


Смартфонды қуаттандыратын қаптаманың артықшылықтары:

  • Ұзақ сапарларда, далада немесе тоқ көзінен алыс жүргенде өте тиімді.
  • Смартфонның зарядын 1.5–2 есеге дейін ұзартуға болады.
  • Зарядтағыш алып жүруді қажет етпейді.


Кемшіліктері:

  • Қалың және ауырлау болады (әсіресе қуаты жоғары болса).
  • Кейбір арзан модельдер телефонды қызытып жібереді.
  • Бағасы қарапайым чехолдан қымбат (орташа бағасы: 10–100 USD).

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Смартфон САТЫП алғанда мыналарды бірден ӨШІРІҢІЗ!