Павлодардағы түрмеде тыйым салынған аймаққа өткен сотталушы ұсталды

0
686

6679 әскери бөлімінің сарбазы қырағы қызметі үшін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы тарапынан марапатталатын болады.


Павлодардағы түрмеде тыйым салынған аймаққа өткен сотталушы ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодардың қатаң режимдегі колониясының тыйым салынған аймағына өткен сотталушы ұсталды. Тұтқынды қарауылдың ескерту оғы тоқтатқан, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 16 сәуір күні сағат 12:30 шамасында болған.

"Павлодар қаласының АП-162/4 мекемесіндегі учаскелердің бірінде тыйым салынған аймаққа сотталушы өткен. Мұны байқаған күзетші ескерту жасап айқайлап, дабыл түймесін басқан. Содан кейін сарбаз төтенше жағдайды қарауыл басшысына хабарлап, жоғарыға қаратып ескерту оғын атқан", - деді ҚР Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.
Оның айтуынша, сотталушыны кезекшілік қызметі ішкі шектеулі аймақта ұстаған.
"Ішкі тыйым салынған аймақта сотталушыны кезекші қызмет ұстады. Мән-жайды анықтау үшін уәкілетті органдар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Сондай-ақ облыстық ҚАЖ департаменті мен 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

6679 әскери бөлімінің сарбазы қырағы қызметі үшін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы тарапынан марапатталатын болады.

Айта кету керек, АП-162/4 - барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мекеме. Бұл колонияда ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы үшін сотталғандар бар.