Павлодардан Алматыға 23 литр қан жіберілді

0
703

Алматының сұрауы бойынша 1-ші топтағы қан жіберілген.


Павлодардан Алматыға 23 литр қан жіберілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Алматының сұрауы бойынша 1-ші топтағы қан жіберілді. Бұл топта Павлодарда жеткілікті қан қоры бар. Алматыға 70 доза, яғни 23 литр қан жіберілді", - деді Айдар Сейітқазинов.
Сонымен қатар, басқарма басшысы өңірдегі коронавирус жағдайына алаңдаушылық білдірді.

"Көрші Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймаққа» кірді. Бізге сақ болу керек. Бүгінде облыста күніне КВИ жұқтырған 20-28 адам ауруханаға түсуде. Науқастарды модульді инфекциялық аурухана мен №3 қалалық аурухана қабылдауда", - деді Айдар Кенжетаев.
Ал, КВИ-дің «омикрон» мутациясы Павлодар облысында анықталмаған. Елімізде «омикрон» Ақтөбе, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген.